«BILE ZHU» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2023 жылғы 24 қарашада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Биле ЖУ» замануи би байқауы өтті. Сайысқа жоғары мектеп командалары мен жас өнерпаздар қатысты.

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінен «Shake it up» тобы өнер көрсетті. Би тобы қазіргі қоғам жағдайындағы зорлық-зомбылық мәселесін тақырып ретінде таңдап алды. Біздің білімгерлер үйлесімді, қарқынды және жігерлі композициясымен көрермендерді тәнті етті.

Байқау қортындысы бойынша біздің топ үздік деп танылып, бас жүлдені иемденді. Айта кетейік, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі төртінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отыр.

Құттықтаймыз!