Дәріс

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫНЫҢ ДӘРІСТЕРІ

18.11 – 02.12.2023 ж. жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Биология кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор (доцент), б.ғ.к. Китапбаева Алмаш Анашбаевна 7М01505–Биология білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттарына «Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлау» пәні бойынша дәріс оқып, практикалық сабақ өткізуде. Магистранттарға биологиядан ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, мақала жазу, ғылыми жобалар жасау бойынша теориялық және практикалық білім беруде. Магистранттар шағын ғылыми жобалар орындап, мақала жазып, ізденістік дағдыларын қалыптастыруда. Түрлі интербелсенді әдістерді қолдана отырып өткізілген дәрістер мен практикалық сабақтарды магистранттар қызығушылықпен талқылауда.