АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ – АДАЛ СЕССИЯ

Академиялық адалдық – бұл шындық, сенім, құрмет, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау. Бұл қағидаттарды ешкім қадағаламаған және бақыламаған кезде де ұстану керек. Осыған орай, ЖҚ-112 тобына кураторлық сағат өтті. Сабақта емтихан кезіндегі адалдық, студент пен тәлімгер арасындағы жемқорлыққа жол берілмеуі керектігі айтылды.

Студенттерге тапсырмаларды орындау барысында бөгде адамдардың көмегіне жүгінуге (ата-ана, мұғалім, ғаламтор желісі т.б.), байланыс құралдарын қолдануға (смартфондарды, смарт-сағаттарды т.б.), шпаргалкаларды, конспектілерді, калькуляторларды пайдалануға (тек қана физика мен химия пәндерінен пайдалануға рұқсат етіледі), жұмыс орнынан рұқсатсыз тұруға, аудиторияда отырған бөгде оқушылармен сөйлесуге, алдап-арбауға болмайтыны түсіндірілді.