Семинар

2024 жылдың 20 наурызында «АМАНАТ» партиясының Жетісу облыстық филиалының ғимаратында Жетісу облысы психологтарының кәсіби қауымдастығын құру және жұмыс істеу бойынша Workshop өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушы – «АМАНАТ» партиясының Жетісу облыстық филиалы жанындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелер жөніндегі кеңесшісі Гулбарам Адамбаева. Аталған іс-шара аясында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Педагогика және психология жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері, PhD Мамекова Асем Танирбергенқызы педагог-психологтардың кәсіби қауымдастығын құру мақсатындағы жұмыстарға қатысты.