Жаратылыстану жоғары мектебінде ғылым айы аясында білім алушылар арасында «NATURE QUEST» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Ойын жастарды белсенді ортаға тарту, жан-жақтылыққа, шапшаңдыққа, шығармашылыққа, топпен жұмыс істеуге және интеллектуалды дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
5 кезеңнен тұратын тартысты әрі қызықты өткен ойында «Эверест» командасы І орынды иеленді. Ойын жеңімпаздары және белсене қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!