Тағылымдама

МӘСКЕУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ EXECUTIVE MBA МАГИСТРАНТТАРЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Мемлекеттік басқару университеті (Ресей Федерациясы, Мәскеу) арасында жаңадан жасалған өзара түсіністік туралы Меморандум аясында магистранттар серіктес ЖОО-да шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

2024 жылғы 15-28 сәуір аралығында Executive MBA «Стратегиялық менеджмент», «Денсаулық сақтаудағы менеджмент», «Заң практикасындағы менеджмент», «Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламаларының магистранттары Мемлекеттік басқару университетінде «маркетингті басқару негіздері» бағдарламасы бойынша оқудан өтеді. Сабақтарды маркетинг саласындағы жетекші ғалымдар мен практиктер, оның ішінде Маркетинг институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, маркетинг кафедрасының меңгерушісі, РФ Үкіметі сыйлығының лауреаты, РФ Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері – Азоев Геннадий Лазаревич өткізеді.

Магистранттар атынан Геннадий Лазаревичке «Маркетинг: мамандықты игеру» авторлық оқулығы үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл кітап бизнес, денсаулық сақтау, құқықтану немесе білім беру болсын, барлық саладағы мамандар үшін құнды ресурс болып табылады, сондай-ақ маркетинг әлеміндегі трендтерді одан әрі зерттеуге және оларды кәсіби қызметте қолдануға шабыттандырады.