Құттықтаймыз!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Enactus Zhetysu командасы ENACTUS NATIONAL EXPO 2024 сайысында чемпион атанып, Ұлттық команда тарапынан Әлемдік Enactus чемпионатында бой көрсетеді. Сондай-ақ атаулы сайыста Enactus Zhansugurov college беделді 2-орын иеленді.

188 команда арасында іріктеу кезеңінен өткеннен кейін, 2024 жылғы 25-26 сәуірде Enactus Zhetysu және Enactus Zhansugurov college командалары «Sweet Rainbow», «Silkroad» және «Gallus» жобаларымен еліміздің жоғары оқу орындарының 16 жетекші командасы арасында WORLD CUP LEAGUE біріншілігі үшін жарысып, бірінші және екінші орындарды қатарынан жеңіп алды!

2022 жылдан бастап Enactus Zhetysu университеттің барлық жоғары мектептерінің талантты кәсіпкер студенттерін біріктіреді. Команда Капитаны — Асқар Рахимов, Вице-Капитандар —Қабылай Рана және Жидебай Жақсылық. Қос команданың эдвайзері — Бейсенбеков Ерик Бакдаулетович.

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024- еліміздің ең үздік студенттері БҰҰ-ның 17 тұрақты даму мақсаттарына сәйкес халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған бизнес-жобаларының нәтижелерін ұсынатын бәсекелес алаңы.

Enactus Zhetysu командасын ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 жеңісімен құттықтаймыз! Әлемдік кубокта сәттілік пен жеңіс тілейміз! Идеяларыңыз жаңа жетістіктерге жетелесін, ал сәтті жобалар жарқын бастамаларға түрткі болсын!