ҒАЛЫМ – ҒЫЛЫМ – ҒҰМЫР

Жаратылыстану жоғары мектебінде ғылым айы аясында «Ғалым – Ғылым – Ғұмыр» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.

Кураторлық сағаттар барысында жаратылыстану жоғары мектебінде көп жылдар бойы еңбек еткен көрнекті ғалымдардың өмірбаяны, ғылыми қызметі мен еңбектері таныстырылды. Сонымен қатар, жоғары мектептің профессор-оқытушылар құрамы өздерінің ғылыми қызметінің дара жолын, кездескен қиындықтарын талқылады және жас ғалымдарға кеңестерін берді.

Іс-шара барлық қатысушылар үшін қызықты өтті.

Жаратылыстану жоғары мектебінде еңбек еткен ғалымдар туралы естеліктер әрдайым жадымызда сақталады және бізді жаңа ғылыми жетістіктер мен жаңалықтарға шабыттандырады.