«Ғасырлар жаңғырығы: идеялар мен ұсыныстар алаңы» атты форум

2024 жылы сәуір айының 26-жұлдызында «SDU University» мекемесі Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысында орналасқан Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Тарихшы ғалымдарын, жас тарихшыларын және Тарих БББ-ның белсенді білімгерлерінің басын қосып, «Ғасырлар жаңғырығы: идеялар мен ұсыныстар алаңы» атты Форумға әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша оқытушы-дәріскерлері, PhD Г.И. Ишкалова және Б.Т. Калиева қатысып, тәжірибе алмасты. Болашақта білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда бірлесіп зерттеу жүргізу қарастырылды.