Чемпионат

Техникалық ғылымдар жоғары мектебі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша білім беру бағдарламасының оқытушы- ассистент Сатқұлов Б.Б. Қытай мемлекетінде өткен «Worldskills China» чемпионатына тәуелсіз халықаралық сарапшы ретінде қатысты. Worldskills China 2024 чемпионатына әлемнің 15 елі қатысты. Worldskills China 2024 чемпионатына Worldskills International жоғары лауазымды өкілдері, Қытай мен Кореяның әлеметтік қолдау және адам ресурстары министрлері мен өзге елдердің делегаттары қатысты. Жарыстан бөлек чемпионат аясында ғылыми конференциялар мен семинарлар өтті, онда Бақтияр Бағланұлы «Мобильді қосымшаларды әзірлеудегі тестілеудің рөлі» атты тақырыбына баяндама жасады.