Журналистер қоржынына тағы бір диплом

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында «6В03214-Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша кәсіби және шығармашылық құзыреттерін дамытуға арналған XVI Республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Л. Н. Гумилев» атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен өткен шараға журналистика және ақпарат ББ жетекшісі Б. Каримованың дайындығымен Аяулым Дәулетбек, Алиса Есенбекова, Амина Турсынбекова және Гүлім Қажимұрат қатысты.

Басқарма төрағасы – Ректор Е. Сыдықов студенттерге арнайы сертификат пен диплом табыстады. Жас пиаршылар үшін бұл – керемет нәтиже.