І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2024 жылдың 4 мамыр күні Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның білім беру гранттары негізінде бітіруші түлектермен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Манап Қобылан Тоқбергенұлымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Бурибаев Ермек Абильтаевич түлектерді жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды.Кездесуге әр жоғары мектептің деканы мен 300-ге жуық бітіруші түлек қатысты.
Кездесу барысында Қобылан Тоқбергенұлы мемлекеттік қызметке орналасу үшін қандай талаптар қойылатындығы, бітіруші түлектерге конкурссыз жұмысқа орналасуға болатындығы, GPA балдары 3,33 тен жоғары болу керектігі, қай өңірде қызмет ете алатындығы және басқа да мүмкіндіктер жайлы айтып өтті. Түлектермен ашық сұхбаттасып, білім беру гранттары негізінде бітіретін түлектерді өз кезегінде жұмысқа қабылдауға дайын екендігі туралы мәлемдеді.