6В02302 – Филология  ББ,  ФҚ 411 топ студенттерінің өндірістік  практика нәтижесін  қортындылау

              Ағымдағы жылдың 08.01.2024-11.05.2024 аралығында Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің, 6В02302 – Филология  БББ 4 курс білімгерлері тиісті мемлекеттік мекемелерден өндірістік іс-тәжірибеден өтті. Атап айтқанда, «Жетісу Медиа», «Жетісу дарыны» облыстық орталығы, І.Жансүгіров атындағы әдеби мұражайы.

            Қорытынды конференция жұмысына 3-4 курс білімгерлері, Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімінің үйлестірушісі Қорабаева Назгүл, жұмыс берушілер тарапынан жетекшілер Есболат Айдабосын, Сағындықова Еңлік Бауыржанқызы, іс-тәжірибе жетекшісі Чалтикенова Лаззат Аляхиметқызы, коммисся мүшелері Асылова Раушан Омарқызы, Разбекова Меруерт Тоқтасынқызы.

            Практикаға барған мекемедегі жетекшілері білімгерлерге жақсы пікір білдіріп, олардың өз істеріне ынталы, мекеме қызметкерлнрімен тез тіл табыса алып, тапсырылған жұмыстарда тиянақты орындағандарын жеткізді. Олар сынды да дұрыс түсініп, кемшіліктерін жоя білуге дағдыланды. Негізінен іс-тәжірибе өз деңгейінде өткеніне көзіміз жетті.