Тағылымдама

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қауымдастырылған профессорлары Ш.Кыяхметова мен М.Джакыпбекова 2024 жылғы 12-19 мамыр аралығында Стамбул қаласындағы (Түркия) Алтынбаш университетінде ҒЖБМ ҒК гранттық қаржыландыру жобасы (2023-2025жж.): «Гуманитарлық ғылымдар даму процесіндегі  Ілияс Жансүгіров мұрасы: ХХІ ғасыр контексінде»  (ИРН AP19680053) атты ғылыми  жоба аясында халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті. Жоба орындаушылары аталған университеттің профессорлары Sayın Betül Esen, Толга Демирёл, доктор Эйлем Акдениз Гёкердің «Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі әдебиеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы»,  «Әдебиет арқылы дүниені тану: ел,тарих, мәдениет» атты дәрістерін тыңдады.

Алтынбаш университетінің басшыларына І.Жансүгіровтің ағылшын тіліндегі «Құлагер» поэмасы тарту етілді.