Жазғы мектеп

Оқу процесіне конструктивизм қағидаттарын енгізу мақсатында 2024 жылғы 10 маусымда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімімен жазғы мектеп ұйымдастырылды.

«Оқу бағдарламаларын (силлабус) әзірлеу кезінде сындарлы келісу» тақырыбындағы семинар бағдарламасы келесі мәселелерді талқылауды көздеді:

– Білім беру бағдарламасын оқыту нәтижелерінің силлабустармен сәйкестігі;- Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде бақылау нысандары мен оқыту әдістерін анықтау;

– Бағалау критерийлері мен дескрипторларды анықтау;

– Силлабустарды білім берудің заманауи трендтеріне бейімдеу (дайындық бағыттары бойынша тәжірибені тарату).

Білім беру жүйесін жаңғырту бойынша ұлттық жаттықтырушы, білім беру бағдарламаларының ұлттық сарапшысы А. Беделбаева баяндама жасап, нақты мысалдарды тарата отырып, оқытудың ерекшеліктері туралы айтты. Білім беру бағдарламаларын жаңарту жөніндегі жобалық офисінің жетекшісі М. Шмидт оқу бағдарламалары мен практика бағдарламаларын ерекше білім беру қажеттіліктеріне бейімдеу мәселелерін қозғады.

Сертификатталған жетекші оқытушылар б.ғ.к. Б.Оксикбаев, PhD Г. Шүкенай, магистр К.Чеснокова, магистр Б.Сарсенбаев Б, магистр Ж. Ахметов, магистр Ә.Мейрамбек оқу бағдарламаларын (силлабус) әзірлеудегі практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

«Жазғы мектеп» семинар қорытындысы бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған оқу бағдарламаларын (силлабустарды) әзірлеу және жүктеу бойынша жаңа көзқарастар қалыптасып, ұсынымдар жинақталды.