Семинар

19 маусымда «Бизнес және кәсіпкерлік» мектебінің шақырылған шетелдік ғалымымен ғылыми семинар – тәжірибе алмасу өтті. Біздің құрметті спикеріміз: Батыс Англия университетінің (Англия, Бристоль қ.) Бристоль бизнес мектебінің қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD) – Kobil Ruziev; ғылыми зерттеулер жүргізу және зерттеу нәтижелерін жариялау тәжірибесімен бөлісті. Профессор ғылымның қай салаларында маманданатынын, қазіргі уақытта қандай өзекті мәселелер мен жобалармен жұмыс істейтінін егжей-тегжейлі таныстырды, ПОҚ мен докторанттарға мақалалар жазу және жариялауға дайындық бойынша кеңестер берумен қатар, университеттерде ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы айтты. Кездесу өте жылы, достық жағдайда өтті. Әрбір оқытушы, Жас зерттеуші және докторант өзі үшін пайдалы ақпарат алып, талқылауға қатысып, қызықтырған сұрақтарға жауап бере алды, шетелдік профессормен байланыс орнатты.