Құттықтаймыз!

Экономика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Булат Доскалиевич Хусаиновты оның редакциясымен Springer баспасында «Global Energy Transition and Sustainable Development Challenges» (Жаһандық энергетикаға көшу және орнықты даму сын – тегеуріндері) екі томдық монографияның жарыққа шығуымен құттықтаймыз!

Бұл маңызды еңбек тұрақты энергияға жаһандық көшу мәселесінің өзектілігін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар осы процестің траекториясын анықтайтын саясат пен факторларға терең талдау жасайды.

Монографияда энергетикалық ауысудың әртүрлі модельдері мен сценарийлері қарастырылады, материалдар мен технологиялар сияқты негізгі аспектілер қарастырылады, тұрақтылық жолындағы мүмкіндіктер мен шектеулер зерттеледі. Монография Scopus базасында индекстеледі және жоғары процентиль көрсеткішіне ие, бұл оның маңыздылығы мен әлемдік ғылымға қосатын үлесін көрсетеді. https://link.springer.com/book/9783031675829

Булат Доскалиевич Хусаиновты және авторлық ұжымды осы жетістікпен құттықтаймыз және шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жаңалықтар мен болашақ жобаларға шабыт тілейміз!