Кездесу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауындағы бір қатар тапсырмалар негізінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті білімгерлері мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жастар саясаты бөлімінің басшысы Жайық Тазабекұлы, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, психолог, дәстүр дәріптеуші, дін танушы Қанат Маратұлы Мүтебаев, Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының аға офицері Манасов Бауыржан Кендебайұлы, Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мемлекеттік инспекторы азаматтық қорғау аға лейтенант Тілеубаев Елнұр Жанатұлы, І.Жансүгіров атындағы ЖУ жедел қызмет көрсету бөлімінің терроризмге қарсы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау маманы Дуйсенов Аман Тургалиевич кездесіп, ел тағдырына тікелей әсер ететін құқық бұзушылықтардың алдын алу, сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге қарсы күрес, университетті террористік және экстремистік шабуылдардан қорғау, адам өмірінің маңыздылығы, діни ағымдардың зияны және тыйым салынған ұйымдар мен сайттар, сондай-ақ ХХI ғасырдың дерті болып тұрған вандализмге, лудоманияға тосқауыл қойып, вейпке, яғни электронды темекі адам өміріне аса қауіпті екені туралы алдын алу іс-шарасы өтті.