Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – еліміздің әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуының өзекті мәселелері контекстінде биылғы басты саяси құжаттың негізгі ережелеріне сараптамалық талдау жүргізу.
Дөңгелек үстел отырысына І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор, ұлттық заң академиясының академигі, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Біліктілік комиссиясының мүшесі Бурибаев Ермек Әбілтайұлы, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.
Физика-математика факультетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Смагулов Есенғали Жексенбайұлы алтыншы қазанда өтетін жалпы ұлттық Референдумда көтеріліп жатқан атом электр станция салуға байланысты физик маман ретінде ойын айтып, пікірін білдірді.