16 қыркүйек күні университеттің бас оқу ғимаратындағы 126 аудиторияда «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері мен топ эдвайзері Тумабаева Мадина Болатқызы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2024 жыл 02 қыркүйекте халыққа арнаған кезекті жолдауын тыңдады. Ондағы көрсетілген әр бағыт талқыланып, білімгерлер өз ойларымен бөлісті.