«Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм»

2024 жылдың 17 қыркүйек айында 4 курс Ақпараттық жүйелер мамандығының 411АЖҚ топ кураторы З.Канапьянова Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын баяндады. Осы жолдауда алдағы жұмыстың нақты бағыттарына да тоқталып талқыланды.

Жолдауда тоғыз бағыт қарастырылған, оларға: Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою туралы, Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңыздылығы, Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажеттілігі, Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттілігі, Еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру туралы, Ұлт саулығын нығайту туралы, Экологиялық ахуалды жақсарту. Қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керектігі, Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру жайлы, Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттігі айтылды.