Академиялық ұтқырлық аясында Жилин университетінің (Г.Жилин, Словакия Республикасы) профессорлары Мариан Янига мен Мартина Хаас және жаратылыстану-техникалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы Жетісу тауларына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
18.09.2024 ж. Жетісу Алатау тауларында биік таулардың экологиялық объектілерін зерттеу үшін бірлескен экспедиция ұйымдастырылды, мұздықтардың ластануына арнайы сынамалар алынды, сондай-ақ зерттеу барысында осы аймақта мекендейтін құстар зерттелді.
Экспедицияның тағы бір міндетіне құстардың денесіндегі паразиттерді зерттеу алынды. Орнитологиялық тордың көмегімен құстардың денесін қауіпсіз аулап, арнайы әдіспен құстардың паразиттері алынды, одан әрі биологиялық зерттеу үшін құстардан биохимиялық талдау үшін қан алынды.