Тимбилдинг — ұйымшыл ұжым қалыптастыруға, команданың әрбір мүшесі өз орнын табуға және қабілетті барынша дамытуға жағдай жасайтын қазіргі заманғы тәсілдердің бір түрі. Тимбилдингтің барлық түрі еркін бейресми қарым-қатынас жасауды, командада жұмыс істеуді үйретеді және корпоративтік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Осы мақсатта 21 қыркүйек күні І.Жансүгірова атындағы Жетісу университеті, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Жабыкбаева Динара Маратовнаның басшылығымен, гуманитарлық факультеттің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Доскельдина Айдана Серікболқызының ұйымдастыруымен оқытушыларға арналған тимбилдинг ұйымдастырды. Іс-шара жаңа оқу жылының алдында шаршаудың алдын алу үшін ойын форматында өткізілді. Қатысушылардың айтуынша, ұйымдастырылған тимбилдингтен олар сергектік, жақсы көңіл-күй алды.