«Менің жетістігім — менің нәтижем» кураторлық сағат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Журналистика кафедрасының ЖҚ-212 топ білімгерлеріне дәріскер-оқытушы Ілескен Әлбатырұлы «Менің жетістігім — менің нәтижем» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Аталған жиынның мақсаты студенттердің өзін-өзі тануы, жеке тұлғалық сипатын анықтай білуге және алдыға қойған мақсаты арқылы жетістікке жетуді үйрету.

Топтық басқосу барысында білімгерлер осы уақытқа дейін атқарған ісі мен бой көрсеткен жетістіктерін айтып, түрлі пайдалы ақпараттармен бөлісті. Бірінің білмегенін екіншісі түсіндіріп, топ аралық анализ жасасты. Топ білімгерлері алдағы уақытта бұданда жоғарғы шыңдарды бағындырып, келешегінің жарқын боларына сеніммен қарайды. Кураторлық сағаттың нәтижесінде өзара пікір алмасып, жоспарымен бөліскен болашақ журналистердің жауапкершілігі мен ынта-жігері айқындалды. Студенттердің ой өрісі артып, жеке тұлғалық көзқарасы қалыптасты.