Терроризм: Қазіргі қоғамға төнген қауіп және онымен күресу жолдары.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Журналистика кафедрасының ЖҚ-212 топ білімгерлеріне «Қауіптің алдын алу және салдарын азайту» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Жиынның мақсаты – студенттерді терроризмкезінде немесе суық қару кезенген лаңкесті байқаған сәтте алдымен қандай әрекет жасау қажеттігі, үрейге бой алдырмай тиісті шараларды жасауға шақыру.

ХХІ ғасырдың әлем тарихында адам баласы үшін ең басты проблемаларының бірі – терроризм. Терроризм — қазіргі кезде тек құқықтық тұрғыда өзекті қылмыстардың бірі болып қана саналмай, әлеуметтік, идеологиялық мәселе ретінде көрініс табуда. Себебі террористер экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді, діни фанатизмді, сепаратистік пиғылдарды табысты қолдана біледі. Қазіргі терроризм халықаралық сипат алып, жекелеген мемлекеттер үшін немесе белгілі бір аумақ бойынша қарқын алып, жазықсыз жандардыңөміріне қауіп келтіру арқылы елдің саяси және әлеуметтік тұрақтылығын шайқалтып тұр.Терроризмнің – қоғамда үрей туғызу, топ немесе үкімет арасында қорқыныш тудыру, сол арқылы оларды белгілі бір әрекеттерге итермелеу немесе шешім қабылдауға мәжбүрлеу дегенді білдіреді. Осы тақырыпты тереңнен талқылаған шарабейнекөрініс арқылы терроризмнің қазіргі қоғамдағы ең өзекті және қауіпті мәселе екенін аңғарту. Онымен күресу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық қоғам мүшелерінің міндеті. Сондықтан қоғамдық орындарда, оқу орнында немесе ашық алаңдарда күдікті адамды байқаған болсаңыздар бірден тиісті мамандарға хабар беріп, қайғылы оқиғаның алдын алу қажет. 

Елімізде тек бейбітшілік, тыныштық болу үшін әр адам құзырлы органдармен бірлесе атсалысуы керек. Әр студент сапалы білім алуға, өнегелі азамат болып өсуге тырысуы арқылы өз отанына зор үлес қосуға дайын. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!