Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Амангелді Толамисов, Ғалиасқар Сарыбаев және Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау келді.
⠀
Халық қалаулылары студенттерге алдағы референдумның маңызын түсіндіріп, атом энергиясы мен станциясы туралы жан-жақты ақпарат берді.
⠀
Амангелді Толамисов АЭС-тің экономикалық тиімділігі туралы айтса, Ғалиасқар Сарыбаев халықты алаңдатып отырған басты сұрақ — АЭС-тің қауіпсіздігіне тоқталды.
⠀
«Қазір дамыған заман, біліміңді өз бетінше дамытуға барлық мүмкіндік бар. Жалған ақпарат пен жағымсыз пікірлердің жетегінде кетпей, кез келген ақпаратты ғылыми түрде зерттеп, саралап ой елегінен өткізу керек», — деген Нұргүл Тау жастарды азат ойлауға, саяси білімді болуға шақырды.
⠀
Еліміз энергетикалық тәуелсіз және экономикалық тұрақты болуы үшін
референдумда әділ таңдау жасау керегін айтты.