1- қазан жоғары білім қызметкерлері күні мерекесімен құттықтаймыз!

Құрметті профессор-оқытушылар, қызметкерлер!

Сіздерді 1- қазан жоғары білім қызметкерлері күні мерекесімен құттықтаймыз!

Еліміздің жоғары білім мен ғылым саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер қауымы қашанда құрметке ие.

Өркениетті елдің ертеңі кемел білім мен кенен ғылымда болса, бұл жолдың бастаушысы — оқытушы.

Сіздер тәрбиелеген білімді жастар білікті маман болумен қатар рухани-адамгершiлiк, мәдени, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк-экономикалық құндылықтарды дамытуға ықпал етеді.

ХХІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету.

Баршаңызға кәсіби мереке құтты болсын!