«Организация образовательного процесса по кредитной технологии обучения» оқыту семинары

Құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы

2024 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан колледждерінде кредиттік оқыту технологиясына көшу басталды. Арнаулы орта оқу орындарының қызметі ҚР ЖП 23.03.2023 ж. № 75 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (ТжКБ) оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына (КТО) сәйкес жүзеге асырылады.

«Zhansugurov College»-нің педагогикалық құрамын кредиттік оқыту технологиясының негізгі ережелерімен таныстыру мақсатында 2024 жылдың 23-25 қыркүйек аралығында құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы «Организация образовательного процесса по кредитной технологии обучения» тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырып өткізді.

Семинарда қаралған мәселелер кредиттік-модульдік оқыту технологиясына көшу тетіктері мен шарттарына, кредиттік технология қағидаттарына, оқу процесінің ерекшеліктеріне, пәндерге тіркелу ережелеріне және білім алушылардың жеке оқу жоспарларын қалыптастыруға қатысты болды. Семинарды педагогика және психология кафедрасының оқытушы-дәріскері Есимханова Райгуль Кажимухановна өткізді.