Түлектеріміздің жеңістері

И.Жансүгіров атындағы университетінің «Орыс тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасының жарқын түлектерінің бірі Сарқан қаласының Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының педагог-зерттеушісі, 2024 жылғы «Жыл мұғалімі» республикалық конкурсының қатысушысы Максименко Наталья Сергеевна. Жуырда Ереван қаласында 2024 жылғы 4 қазанда өткен ТМД педагогтарының съезінде ол «ТМД-ның үздік мұғалімі» атағына ие болды. Бұл, сөзсіз, біздің түлектеріміздің жоғары жетістігі, ол өз өмірін өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған көптеген студенттерге үлгі болады. Құттықтаймыз !