«Jas ǵalym»

2024 жылдың 11 қазанында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Jas galym» жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға арналған университетішілік байқауы өткізілді. Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 12 қыркүйектен 10 қазанға дейін өтті. Өтінімдер келесі бағыттар бойынша қабылданды:

  • Ақпараттық технологиялар (IT);
  • Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;
  • Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология;
  • Туризм;

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар.

Конкурсқа қатысу үшін 21 өтінім келіп түсті. 11 қазанда жобаларды қорғау отырысы өтті. Комиссия құрамына университеттің жетекші ғалымдары, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы, Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму басқармасы, «IT HUB-JETISU DIGITAL» ЖШС және Ілияс Жансүгіров әдеби мұражайының өкілдері кірді. Комиссия алдында жоба презентацияларын тыңдау және олардың ішінен конкурстың бекітілген ережесіне сәйкес келетін үздіктерді анықтау міндеті тұрды.

#SDG #ЦУР #ТДМ