Біліктілікті арттыру курсы

ИРН АР19678345 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін зерттеу құзыреттіліктері арқылы дамыту» тақырыбындағы жоба мүшелеріне
«Шығармашылық қабілеттерді зерттеу құзіреттіліктері арқылы дамыту» тақырыбында біліктілігін арттыру курсы.

Құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы 2024 жылдың 16 қыркүйек 12 қазан аралығында ИРН АР19678345
«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін зерттеу құзыреттіліктері арқылы дамыту» тақырыбындағы жоба мүшелеріне «Шығармашылық
қабілеттерді зерттеу құзіреттіліктері арқылы дамыту» тақырыбында біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырды және өткізді. Дәріс және практикалық сабақтарды педагогика
ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.Н.Жолтаева педагогика және психолгия факультетінің магистрі А.Е.Ахметсапа өткізді. Осы курс шеңберінде
шығармашылық қабілеттерді зерттеушілік құзыреттіліктер арқылы дамытудың жолдары қарастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістерін практикалық жұмыста пайдалануды мәселелерін зерделеді. Сабақ барысында шығармашылық қабілеттерді дамытудың ғылыми теориялық негіздері талданып, зерттеушілік құзіреттіліктерді арттыруда жүргізілген тәжірибелер мен педагогикалық үрдісті жақсарту бойынша ұсынымдар берілді. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ