«Үздік оқытушысы» байқауы

ХАБАРЛАНДЫРУ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2024 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» ЖОО ішіндегі кезең конкурсын жариялайды.

Конкурсқа құжаттарды ұсыну сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар ЖЖОКБҰ-ның профессор-оқытушылар құрамы (штаттық оқытушылар) және оларды көтермелеу және қолдау мақсатында педагогикалық және ғылыми қызметтегі жоғары жетістіктері қатыса алады.

Конкурстың мақсаты ЖЖОКБҰ профессорлық-оқытушылық құрамының (бұдан әрі-ПОҚ) кәсіби — педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына ынталандыруды арттыру арқылы ПОҚ ғылыми әлеуетінің белсенділігін ынталандыру болып табылады.

Өткізу кезеңдері

Өтінімдерді қабылдау: 31 қазан 2024 ж.

Университетішілік кезең: 2024 жылғы 1-11 қараша аралығында

Нормативтік құжаттар:

1. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010506