«Мамандығым – Болашағым» форсайт-сессия жалғасуда

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында «Мамандығым – Болашағым» жобасы аясында өңірдің кадрлық қажеттілігін анықтайтын аймақтық карта әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

Бүгін энергетика және жаңартылатын энергия көздері, ақпараттық технологиялар және коммуникациялар бағыттары бойынша сарапшылар зерттеу мен сараптама жүргізуге кірісті.

Панельдік талқылаудың нәтижесінде өңір үшін электр энергетикасы мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы сұранысқа ие мамандықтар анықталады.

#SDG #ЦУР #ТДМ