Факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен білімгерлеріне студенттік кезең мен сенаторлық қызметке дейін жүріп өткен жолын баяндап, жас буынға ұлық болсаң, кішік бол деген қағиданы ұсынды. Сұрақ-жауап барысында білімгерлердің көкейіндегі жүрген мәселелер қозғалды. Кездесу кейіпкерінің өмірлік ұстанымы жастарға ой салғаны анық. Кездесу барысында факультет жетістігі айтылып, жүлдегерлер марапатталды.
Сенаторға зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз!