Халықаралық форсайт-конференция

2024 жылдың 17 қазан күні Жаратылыстану-техникалық факультетінің ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің бас оқу ғимаратында “Агротехнология және оның дамуының қазіргі тенденциялары” атты халықаралық форсайт-конференция өтті.

Конференцияға Марке политехникалық университетінің философия докторы- Mazzoni Luca , ауылшаруашылық ғылымдары және технологиялар докторы-Ruschioni Sara ( Италия), Пәкістан ауылшаруашылық зерттеулер кеңесінің докторы- Zahid Mahmood(Пәкістан),Чукурова университетінің профессоры-Hakan Ozkan (Түркия),«Қазақ егіншілік және Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»ЖШС Талдықорған филиалының басшысы- Нурланов Айдар Нурланович, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясы РММ басшысының м.а.-Жылкыбаев Болат Касенович,  «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдіснамасы орталығы» Жетісу облысы бойынша РММ басшысы-Атантаев Бакберген Молдыбекович, Жетісу облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы-Кененбаев Нурдаулет Сагадиевич, «НАМ Г. Н.» ШҚ басшысы —Нам Герман Николаевич, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы » республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалының басшысы- Бекиев Канат Ботаевич,  «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті Жетісу облысының жер ресурстарының басқару департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімнің басшысы-Акылбеков Бекзат Бақтыбаевич, сонымен қатар конференцияға «Ауылшаруашылық ғылымдары-Агрономия» мамандығының білімгерлері мен факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Конференция қатысушылары агрономия мен агротехнология саласындағы жаңа идеялармен, зерттеулермен және заманауи технологиялардың қолданылуымен танысты. Баяндамаларда ауыл шаруашылығындағы тиімділікті арттыру, экологиялық таза өнім өндіру және цифрландыру мәселелері кеңінен қарастырылды.

Конференцияның нәтижелері мен ұсыныстары еліміздің ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, агрономия ғылымының дамуына, сондай-ақ экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.

Осындай шаралар агрономия мен агротехнология саласындағы білім мен тәжірибені дамытуға әрі қарай серпін береді.

#SDG #ЦУР #ТДМ