2024 жылдың 11 қазанында “Jas Galym” атты университетішілік байқау өтті.

Педагогика және психология факультеті байқауға белсене қатысып, үш жобаны ұсынды:

  • “NeuroGym” (жетекшісі: Альменбетова К.Ж.)
  • “EcoLab” (жетекшісі: Кенбаева К.)
  • “Бастауыш мектепте AI” (жетекшісі: Чункенова С.М.)

Барлық жобалар өзектілігі мен шығармашылық идеялары үшін комиссия мүшелерінің оң пікіріне ие болды. Қатысушылар өздерінің дайындық деңгейі мен ғылымды дамытуға деген ұмтылысын көрсетті.

Қатысушылардың барлығына алғыс айтып, болашақ зерттеулер мен бастамаларды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз!