ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ АЯСЫНДАҒЫ ДӘРІСТЕР

Жаратылыстану-техникалық факультетінде Республикамыздың жетекші университеттерінің білікті оқытушыларын дәріс оқуға шақыру үрдісі жүзеге асырылуда.

23.09.2024 ж. – 19.10.2024 ж. жаратылыстану пәндері кафедрасының ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, органикалық заттар химиясы және технологиясы, табиғи қоспалар мен полимерлер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), PhD Кудайбергенова Батес Маликовна Google meet платформасында 7М01507– Химия білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттарына «Modern problems of organic chemistry» пәні бойынша қашықтықтан оқыту сабақтарын өткізуде. Инновациялық әдістерді қолдана отырып өткізген дәріс пен практикалық сабақтарға магистранттар аса қызығушылықпен қатысып, талқылауда.