Семинар барысында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Тарих және әлеуметтік-пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD Б.Т. Калиева «Өлкетану курсы. Сарқан ауданы (Қазақстан тарихы пәні негізінде)» жасалынған оқу-әдістемелік нұсқаулық және «Сарқан ауданының киелі жерлері» атты электронды картографиялық анықтамалықтың мектеп мұғалімдеріне таныстырылуы және таратылуы болды. Сонымен қатар, Б.Т. Калиева мектеп мұғалімдеріне семинардың ІІ-бөлімі «Шебер сынып, коучинг алаңы» негізінде «Мектеп оқушыларының «Дарын» , «Кіші Ғылым академиясы» ғылыми жобаларға зерттеу жұмыстарын жазудың әдістемелік негіздері» атты тақырыпта жүргізілді.