«Jas galym» университетішілік конкурсының қорытындысы жарияланды

2024 жылдың 11 қазанында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Jas galym» жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға арналған университетішілік байқауы өткізілді. Байқауға 21 өтінім қабылданды, оның ішінде комиссия құрамының бағалауы бойынша 8 жоба жеңімпаз атанды.

2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін іске асыру мерзімімен жалпы сомасы 16 000 000 теңге болатын мынадай жобалар мен қаржыландыру сомалары мақұлданды:

  1. Жоба тақырыбы: «Разработка голосового помощника с интегрированным Искусственным интеллектом далее» (ИИ), жоба жетекшісі: Серіков Б.Б., жоба орындаушылары: Ибраимов А.С., Шендель А.В., Федоров А.В., қаржыландыру сомасы: 2 000 000 теңге.
  2. Жоба тақырыбы: «ZU Connect», жоба жетекшісі: Мейрамбек Әділет Мейрамбекұлы, жоба орындаушылары: Мырзахмет А.Б., Кубенова А.А., қаржыландыру сомасы: 2 000 000 теңге.
  3. Жоба тақырыбы: «Жетісу облысы музейлері: ГАЖ технологиялары негізінде», жоба жетекшісі: Калиева Б.Т., жоба орындаушылары: Касымова Н.Б., Калелова Ж.У., қаржыландыру сомасы: 2 000 000 теңге.
  4. Жоба тақырыбы: «NeuroGym – нейрогимнастикалық сайты», жоба жетекшісі: Альменбетова К.Ж., жоба орындаушылары: Аяджан М., Тоқтасынова Б., қаржыландыру сомасы: 2 000 000 теңге.
  5. Жоба тақырыбы: «KazakhLand», жоба жетекшісі: Сапарова А. Қ., жоба орындаушылары: Азатова А.А., Мухаметнурова А. А., қаржыландыру сомасы: 2 000 000 теңге.
  6. Жоба тақырыбы: «Kazaukana: новая порода курицы», жоба жетекшісі: Рахым А.А., жоба орындаушылары: Әділбекұлы Д., Кенесбай Н.М.,қаржыландыру сомасы: 2 000 000 теңге.
  7. Жоба тақырыбы: «Разработка и применение мобильного игрового приложения с образовательным контентом», жоба жетекшісі: Беркинбаева Карима Дюсюмбаевна, жоба орындаушылары: Анетов А., Булекбаева А., қаржыландыру сомасы: 2 000 000 теңге.
  8. Жоба тақырыбы: ««SILK ROUTE» шунгит өнімдері», жоба жетекшісі: Бейсенбеков Ерик Бакдаулетович, жоба орындаушылары: Омархан М. Ж., Байбол Ж.Е., қаржыландыру сомасы: 2 000 000 теңге.

Байқау жастардың ғылыми әлеуетін арттыруға және ғылыми жобалардың коммерциялануына үлкен мүмкіндік беретін маңызды шара болып табылады. Жеңімпаз жобалар университеттің ғылыми зерттеулерін дамытуға және қоғамның сұраныстарына жауап беруге ықпал етеді.

Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімінің нақты уақыты мен орны туралы ақпарат қосымша беріледі.

#SDG #ЦУР #ТДМ