Мәңгілік жаса, қыран елім — Қазақстаным

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Республика күніне орай  «Мәңгілік жаса, қыран елім — Қазақстаным» атты мерекелік кеш өтті.

Салтанатты жиында сөз алған Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев мерекенің  маңызына тоқталды.

«Республика күні — тәуелсіздіктің асқақ символы. Бұл мереке бірлік пен ынтымақ арқылы халқымыздың кез келген қиындықты еңсере алатынын көрсетеді. Біз ұлттық бірлігімізді нығайту арқылы егемендікті сақтай аламыз» — деді ректор.

   Ұлттық мереке қарсаңында университеттің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар оқытушылар мен қызметкерлер «Тіл жанашыры», «Ғылым үздігі», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі» сияқты  Құрмет дипломдарымен, Ғылым және жоғары білім министрінің және университеттің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен марапатталды.

Ф.ғ.к., қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мамилия Джакыпбекова «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін», п.ғ.д., педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Хапиза Наубаева  «Ахмет Байтұрсынұлы», с.ғ.к., тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры  Нуршархан Ашкеева т.б оқытушылар «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін өңірлеріне тақты.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

#SDG #ТДМ #ЦУР