ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2024 ж. 31 қазан күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 29 қазандағы № 962 бұйрығымен экономика және сервис кафедрасының оқытушы-дәріскері, э.ғ.к. Лухманова Гүлнар Қойшыбайқызына экономика және бизнес ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Сізді қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің кәсібилігіңіз, ғылымға адалдығыңыз және білім беру саласына қосқан үлесіңіз терең құрмет пен таңданыс тудырады. Бұл Сіздің жетістіктеріңіз бен еңбектеріңіздің лайықты бағалануы.

Сізге ғылыми және педагогикалық қызметіңізде одан әрі табыстар, жаңа ашылулар және жұмысыңызда шабыт тілейміз! Әр күніңіз сүйікті ісіңізден қуаныш пен жаңа мүмкіндіктер әкелсін.

Құрметпен, құқық және экономика факультетінің ұжымы!