Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білімгерлері арасында «ВВ – BRAIN BATTLE» head play форматында интеллектуалды байқау өтті.
Байқаудың басты мақсаты- жастардың әр салада білімдерін кеңейту, ойлау деңгейін, шығармашылық ізденісін ашу. Сұрақтарға нақты жауап беру дағдысын қалыптастырып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, қоғамдық өмірге белсенділіктерін арттыру.
Ойын барсында студенттер жан-жақты білімдерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша 1- орынды Жаратылыстану-техникалық факультеті, 2-орынды Денешынықтыру және өнер факультеті, 3- орынды Физика–математика факультеті алды.
#SDG #ЦУР #ТДМ