Жошы ұлысына – 800 жыл

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Жошы ұлысының 800 жылдығы ел көлемінде аталып өтілетінін және оның мемлекет тарихындағы маңызын атап өткен болатын. Осы маңызды мәселе бойынша «Жошы ұлысының Қазақ хандығы тарихындағы рөлі» атты тақырыпта М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған дөңгелек үстелге Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, т.ғ.к. Е. Буланов «Жошы хан ұрпақтарының билігі» атты тақырыпта ғылыми баяндама жасады.