«Поэтикалық синтаксис, тек ол ғана…емес»

2024 жылғы 4 қарашада 6В01703 – «Орыс тілі мен әдебиеті» және 6В01704 – «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттеріне «Әдебиет теориясы» пәні аясында оқылған «Поэтикалық синтаксис»тақырыбында магистр К.А.Чеснокованың ашық дәрісі өтті.

Дәріс поэтикалық синтаксистің ерекшеліктеріне және белгілі бір поэтикалық материалда осы ерекшеліктерге аналитикалық шолу жасауға арналды.

Дәрісті аяқтағаннан кейін орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. Б.Н.Есимкулов оның мазмұнының эксклюзивті сипатын, оқытушының аудиторияның қызығушылығын ояту және қолдау қабілетін, сондай-ақ студенттердің болашақ кәсіби қызметі үшін ұсынылған оқу материалының маңыздылығын атап өтті.