«Халықаралық Түркітілдес журналистер» форумына қатысты

Журналистика мамандығының 4-курс білімгері Әділханқызы Мақпал Алматы қаласында өткен «TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ» тақырыбында IV Халықаралық Түркітілдес журналистер медиа форумына қатысып қайтты. Іс-шараға Британия, Германия, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр секілді тағы бірнеше елден туризм және медиа саласының өкілдері, сондай-ақ еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, журналистика саласының тәжірибелі сарапшылары, республикамыздың атқарушы орган өкілдерінің баспасөз хатшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Форумда шетелдік және отандық медиа және туризм саласының мамандары түркі елдерінің бірлігін арттыру, туыс халықтар арасындағы мәдени, туристік және журналистика саласындағы байланысты арттырудың маңыздылығы туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Қатысушылар тәжірибелі мамандардан түркі елдеріндегі туризм секторының әлеуеті туралы ақпараттандыруды күшейту мен инфрақұрылымды дамытуға инвестициялар тартудың жолдарынан құлағдар болды. Баяндамашылар қос салада да стандарттау және сапаға мұқият болу туралы айтты.

Форумда сөз алған сарапшылар жиналғандарға әлеуметтік желілер мен инфлюенсер-маркетинг жайында да хабардар етті. Шынайы контент қалыптастыруда блогерлер мен қоғам қайраткерлерімен ынтымақтастық орнатудың қыр-сырларына де кеңінен сөз болды.

Түркітілдес журналистер қоры – қазақ тілді журналистиканың дамуына зор үлес қосып, ақпараттық кеңістіктегі өзара байланысты нығайтып, түркі әлеміне тән тарихи құндылықтарды дәріптеп, халықтар арасындағы мәдени және ақпараттық көпірдің рөлін атқарып келеді.