Бос лауазымға конкурс

«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма мүшесі — қаржы және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мекенжайы: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 187 А.

Қызметтің негізгі мәні – жоғары, жоғары оку орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қызметтің мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру мекемелерінде және (немесе) тиісті салалардың уәкілетті органдарында немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшы қызметтерде кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы.

Конкурсқа төмендегі тұлғалар қатыса алмайды:
1) жиырма бес жастан кіші;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық кұқық бұзушылық жасаған;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) 3×4 үлгідегі түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) Білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, көшірмелері;
5) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық корытынды);
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсыну күніне дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметгер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсыну күніне дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салынбағанын растайтын құжат.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілген қызметті алушылар Конкурсқа қатысушылар 6, 7 және 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ корпоративтік хатшысына ұсыну қажет, Талдықорган қаласы, Жансүгіров көшесі, 187А, каб. 214, телефоны: 8 (7282) 22-00-51, 87014899771.