JurAsia InterTax 2024 ойынының финалына өткен «Құқықтану» бағдарламасының студенттер командасын құттықтаймыз!
Студенттеріміз салық заңнамасы саласындағы күрделі мәселелерді шешуде терең білім мен креативті тәсілдерін көрсете білді.
Байқау Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Үндістан елдерінің студенттерінің басын қосты.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командалары арасындағы финал 30 қараша күні сағат 15:00-де КИМЭП университетінде (онлайн-трансляция режимінде) өтеді.
Команда құрамы:
Аманжолова Фарида
Бейсембаева Амина
Құлдасов Әлішер
Нұрғұдұров Азамат
Тасқынұлы Дарын
Жетекшісі: PhD докторы, Г. Б. Телеуев
29 қарашаға дейін https://jurasia.tax/home сілтеме арқылы трансляцияға қосылыңыз
Команданы қолдап, университет сайтындағы, әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды қадағалаңыз!
Студенттерімізге жеңіс тілейміз!
#SDG #ЦУР #ТДМ