Ағымдағы жылдың 23 қарашасында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті гуманитарлық факультетінің ұжымы «Abay» этноауылына барып қайтты. Ұстаздар қауымы таза ауамен тыныстап, атпен серуен құрды. Белсенді демалыс кәсіподақ ұйымы есебінен жүзеге асты. Ұжымдық біртұтастықты дамытуға, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған бастама үшін университет басшылығы мен кәсіподақ ұйымына алғысымызды білдіреміз!