Гуманитарлық факультетте журналистика мамандығының ЖҚ 311 тобының ұйымдастыруымен «Бәрімізде бір арман…» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шара негізінен қоғаммен байланыс және журналистика мамандығының 1-курс студенттеріне арналды. Рухани кешті гуманитарлық факультеттің деканы Есенбек Жұмағали Бейсенбайұлы құттықтау сөзімен бастады. Студенттер үшін ән, би өнері ғана емес түрлі логикалық ойындар ойнатылып, белсенді студенттер арнайы сыйлық, сертификаттармен марапатталды. Концерттің жоғарғы деңгейде өтуіне журналистика мамандығында оқитын студенттер ат салысты. Топ кураторы Б.Каримова мен оқытушы-дәріскер А.Жазыбекованың жетекшілігімен өткен кештен студенттер рухани әрі эстетикалық, тәрбиелік тәлім алды.