2024 жылғы 27 қарашада физика-математика факультетінің информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-лекторы Койшыбекова Айжан Құмарбекқызы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша МҚ111 тобына арналған «Smart технологиясын жасауда виртуалды шындық пен жасанды интеллект құралдарын пайдалану» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты – 3D модель,VR және AR негізі туралы түсінік беру, студенттерді Smart шешімдерін әзірлеу үшін виртуалды шындық (VR) және жасанды интеллект (AI) технологияларын қолданудың негізгі принциптерімен таныстыру. Сабақ барысында Merge Cube, LessonUp, Gimkit платформалары және ChatGPT, Meshy.ai, Genmo.ai жасанды интеллект құралдары тиімді қолданылды.